деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, аталмыш хаттама жанама салықтарды алу мен оларды әкімшілендіру тетіктерін қарастырады. Сонымен қатар жанама салықтарды есептеп, тіркеу бойынша жаңа құжаттар енгізіледі. «Хаттаманың 2-ші бабы бойынша Кедендік одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына тасымалданатын тауардан алынатын жанама салық тауар импортталатын мемлекеттің заңдарымен бекітіледі. Ал тауардың иесі оның заңды қожайыны немесе келісім бойынша тауарға иелік етуге құқылы азамат болып табылады», деді министр.