ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес, Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің саны сегізден аспауы тиіс.
Құрылтай депутаты Снежанна Имашева Құрылтай құрамын сегіз комитеттен құруды ұсынды:
- Бірінші — Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті
- Екінші — Әлеуметтік-мәдени даму комитеті
- Үшінші — Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті
- Төртінші — Қаржы және бюджет комитеті
- Бесінші — Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті
- Алтыншы — Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті
- Жетінші — Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті
- Сегізінші — Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.
Дауыс беруге 144 депутат қатысты және 142-сі жақтады. Шешім қабылданды.
Бұған дейін Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланған еді.
Сондай-ақ Құрылтай төрағасының орынбасарлары да анықталды.