«Қазақ халқы кітапты ауызша тыңдағанды жақсы көреді. Сондықтан біз ел ағалары ретінде осы «Көшпенділерді», оның ішінде «Алмас қылышты» отырып алып, радиодан оқиық. Тіпті керек болса, теледидардан да оқиық. Бұл халыққа кітапты одан әрі жалғастырып оқуға түрткі болады», - деді Ғ. Есім отырыста.
Оның ұсынысын жиналысқа қатысқан барлық қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар да қолдады.
Айта кетейік, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында жыл кітабы болып танылды. Комиссия мүшелері ендігі кезекте кітапты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қайтадан басып шығарып, көпшілікке жететіндей жағдай тудыру қажет дейді.