Депутаттар некеге тұрушыларға «неке шартын» жасауды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Жогороку кенеш депутаттары Надира Нарматова мен Абдумиталип Кочкорбаев азаматтарды неке қию кезінде неке шартын жасасуға міндеттеуді ұсынды, деп хабарлады КирТаг «ҚР отбасылық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәлтеме жасай отырып.

Бастамашылардың айтуынша, заң жобасы некеге тұруға тілек білдірген азаматтардың мүліктік құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында әзірленген.

«Неке шартын жасасу ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде көптеген проблемалардан арылтып, материалдық шығынды азайтуға септігі тиеді», - делінген түсініктемеде.

Бұдан басқа, заң жобасына «соттар он жасқа толмаған балаларды анасына қалдыруға міндетті» деген толықтыру енгізіледі.