Депутаттар оқу орындарының асханасы мен жатақханаларын аутсорсингке беруді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев оқу орындарының асханалары мен жатақханаларын аутсорсингке беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асханалар мен жатақханаларды аутсорсингке беру керек. Бұл шаралармен университет ректоры емес, бизнес айналысуы тиіс деген ойдамын. Яғни бұл бағыт бизнес саласына қатысты болғандықтан, ол жерде ешкім де қажетсіз шаралармен айналыспайды», - деді Б. Мамраев Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы жиналысында.

Бұдан бұрын «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова партия мектеп асханаларын жаңғырту мәселесін көтерген болатын. Осы орайда бұл саладағы сапа мәселесін шешу үшін мектеп асханаларын жалға алу мерзімін үш жылға дейін ұзарту ұсынылды.