«Кеше Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, онда Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші кезекте атқаратын міндеттерін белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеді. Ол комиссияның міндеті - жарияланған бес халықтық реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды басқару, осы бағыттағы мемлекеттік органдардың, бизнес секторы мен азаматтық қоғамның қызметтерін үйлестіру. Бұл бағыттағы жұмыстарға бірқатар депутаттар қатысатын болды, олар белсенді жұмыстар атқармақ», - деді Қ. Жақыпов.
Спикер бұдан бөлек, Ұлттық комиссия тарапынан ұсыныстар әзірленгенін, ондай ұсыныстар Президенттің мақұлдауынан өткеннен соң жарияланатынын жеткізді.