Депутаттар саяси жауапкершілікті көрсетті - Владимир Тельнов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі сарапшы, Саясаттанушылар конгресі басқарушы директорының орынбасары Владимир Тельнов Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын тарату туралы шешіміне түсінік берді.

«Біз барша әлемді шырмауына алған жүйелі дағдарыстың куәгері болып отырмыз. Алайда, бізде сақтандыру стратегиямыз бар. Сақтандыру іс-қимылдары бойынша біздің стратегия «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық түрлену бағдарламасын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қамтып отыр. Әрине, осы бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін Үкіметтің, атқарушы биліктің, сондай-ақ заңнамалық және биліктің барша өзге органдарының іс-қимылдарында бірлік болуы керек»,-деді ол.

Сарапшының айтуынша, Ұлт жоспары мемлекет өмірінің барлық салаларында, экономика мен әлеуметтік салада түрленуге бағытталған.

«Өзгерістер қоғамның өзінде де болуы керек. Қоғам барша осы тарихи мақсат-міндеттерді шешу үшін жұмылуы қажет. Ал Мәжіліс депутаттары ҚР Президентіне Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату бастамасымен жүгіну арқылы, депутаттық фракциялар саяси кемелділік пен саяси жауапкершілікті танытты»,-деді В. Тельнов.