деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеген, қазіргі Мәжіліс депутаты Сатыбалды Ибрагимов жуырда 70 жасқа толғалы отыр. Халық қалаулысы бір кезде өзі ойнаған теміртаулық команданы ойын алаңына бастап шықты.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко теміртаулық жеңімпаздарға Палата депутаттары атынан және жанкүйерлердің ыстық ықыласын жеткізе келіп, парламенттік кубокты табыс етті.