Депутаттар төбелесті

АСТАНА.  Шілденің  22-сі. ҚазАқпарат  -   Сеулде    республиканың Ұлттық жиналысы ғимаратында   депутаттар  бір-біріне  жұдырық  алып жүгірді.    Оппозиция  мәжіліс   залын іштен  жауып алып, ал билік  жүргізуші партияның  өкілдері  ішкі кіруге   тырысты.   Осы  тартыстың  нәтижесі  төбелеске  ұласты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РТР-Вести.Ru    басылымына сілтеме  жасап.

Оңтүстіккорейлік  депутаттардың түйінді  мәселелерді  шешуде  осындай әдіске жүгінуі  алғаш  емес.   Бұл  жолғы     жанжалға     бұқаралық ақпарат құралдары  туралы заң  жобасы себеп  болып отыр.   Егер  заң  жобасы  қабылданса,   газет корпорациялары   телеарналардың бақылаушы акциялар пакеттерін  сатып  ала алатын болады.

Заң  жобасы    бүкіл ел бойынша   наразылық туғызып отыр:  кәсіподақтар    саланың  алпауыттар  қолына  өтетініне алаңдаулы.    Осының алдында     журналистер      ереуіл жариялады.  Бұл  осынау  заң  жобасына  қарсы бағытталған     үшінші  ереуіл.