Мұндай бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының қорытындысында көрініс тапқан.
Қорытынды мәтінінде мұндай өзгеріс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін енгізілетіні айтылған.
Сонымен, аталмыш заң жобасына мынадай нормалар ұсынылып отыр.
- 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу.
- 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау.
Заң жобасы мақұлданса, аталған дата Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты қоғамдық маңызы жоғары айтулы күн ретінде мерекеленбек.