Депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын қарастырады

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - 30 қазанда Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің пленарлық отырысы өтеді. Оның барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы депутаттық заң жобасы қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар, Қазақстанның Түркия және Қытаймен сотталған тұлғаларды өзара беру туралы шарттарды ратификациялау заң жобалары, сондай-ақ Чехиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобалары қарастырылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан сенаторы Сергей Громовтың қатысуымен 30-31-қазанда Ереванда ҰҚШҰ ПА-ның Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтеді.