Депутаттар Үкіметке БЖЗҚ қызметіне байланысты сауал жолдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бір топ халық қалаулылары атынан депутат Майра Айсина Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне байланысты Үкімет пен Ұлттық банкке сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірлерге сапарлар кезінде азаматтарды алаңдататын проблемалардың бірі зейнетақы жинақтарына байланысты болды. Жалпы, адамдардар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржыға кепілдік беруіне және оның қызметіне қатысты мәселені көтеріп отыр»,-деп тоқталды депутат Айсина.

Осы орайда ол жақында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау ағымдағы жылы экономиканың бөлек секторларын қолдауға (темір жол саласы) БЖЗҚ-дан қаржы ресурстары бөлінетіндігін хабарлағанын еске салып өтті.

«Бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банктен 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін БЖЗҚ қаржысына қандай қаржылық тетіктер инвестицияланғаны туралы, қай мерзімге және қандай қайтару мерзімімен жасалғаны жайында ақпарат ұсынуды сұраймыз»,-деді Айсина бірқатар депутаттардың сауалын оқып беру кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанындағы қоғамдық кеңес «БЖЗҚ-нан теміржол саласын субсидиялау үшін 50 млрд теңге көлемінде қаржы алынады» деген ақпаратты тексеріп жатқандығын Досым Сатпаев хабарлаған еді.
«БЖЗҚ-нан теміржол саласын субсидиялау үшін 50 млрд теңге қаржы алынады деген ақпарат тарады. Сондықтан, БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес Ұлттық банк пен БЖЗҚ-на салымшылардың мүддесіне қарсы шешім туралы арнайы сауал дайындап жатыр», - деп жазды Сатпаев.

Бұрын хабарланғандай, Досым Сатпаев БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестік төрағасы болып тағайындалған