Депутаттар үш ауысымды мектептер санының азаймауына алаңдаулы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Гүлнар Ихсанова үш ауысымды мектептер санының азаймай отыруына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі бір көрсеткіштің жетістіктері әр уақытта да сол бір көрсеткіштің жетістігіне  дәлел бола алмайды. Мәселен, мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша жоғары және кәсіби-техникалық білімі бар педагог қызметкердің үлесі индикаторының артығымен орындалуы балаларды ерте бастан дамыту және дайындау үшін мектепке дейінгі сапалы білім мен тәрбиемен қамтамасыз ету стратегиялық жоспарлары мақсаттарының орындауына жақын дегенді білдірмейді. Шын мәнінде мектепке дейінгі арнайы білім беру саласында не бәрі 37 процент педагог бар. Ал Мәдениет және спорт министрлігінің балалар мен жасөспірімдерді дене тәрбиесі және спортпен қамту үлесінің 15,1 пайыз ғана болуы  таң қалдырады», - деді Мәжіліс дептутаты.

Оның айтуынша, үш ауысыммен білім беретін мектептер үлесін көрсететін негізгі индикатор мүлдем орындалмаған.

«Егер жыл басында мұндай 87 мектеп жұмыс істеп тұрған және үш ауысымды мектептерді жою үшін 47 білім ошағы салынған. Алайды жылдың соңында анықталған мұндай мектептердің саны 66-ға жетіп отыр. Жергілікті атқарушы органдардың мектептердегі бала санының арту ықтималдығын, яғни демографиялық өсім мен көші-қон белсенділігі сынды факторларды ескермегендігін көрсетеді. Осы  жылдың өзінде тағы апатты 24 мектеп анықталды. Бұл мектептерді төлқұжаттау формальды түрде жүргізілетіндігін және тәжірибеде мүлдем қолданылмайтындығын көрсетеді», - Г. Ихсанова.