Депутаттар үйінің алдында қырыққабат өсіп жатыр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутаттарға арналған «Нұрсая» тұрғын үйі кешені маңайында ерекше гүлзәрды отырғызды. Ол жерде «декоративті қырыққабат» атты гүлдер өсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана-Зеленстрой» АҚ-сы өндірістік жұмысқа жауапты Дидар Телжанұлының айтуынша, бұған дейін декоративті қырыққабат қаланың бірнеше жерінде егілген. Алайда осы жолы Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысына отырғызғаннан кейін астаналықтар ерекше гүзарды бірден байқаған. «Иә, оны «декоративті қырыққабат» дейді. Бірақ ол жейтін қырыққабатқа жатпайды. Өскеннен кейін гүл болып ашылады. Оны өзіміздің жылыжайымызда өсіреміз. Негізі, декоративті қырыққабатты отырғызып жатқанымызға біраз болды. Бұған дейін көрінбейтін жерге еккеннен кейін кісілер байқамаған да шығар. Биыл «Нұрсаяның» жанына отырғыздық. Содан адамдар бірден көрген болар», - дейді Д.Телжанұлы.
 

Айта кетейік, бұл кәдімгідей қырыққабаттың бір түрі болып саналады. Оның басты ерекшелігі сол, басқа гүлдер сияқты күзге таман солып қалмайды. Қар түскенше түрлі-түсті болып қала береді. Мамандардың айтуынша, оны жеуге де болады. Себебі құрамында сан алуан дәрумендер бар. Күзде алғашқы қатқақтан кейін декоративті қырыққабаттың қышқыл дәмі кетеді. Сол кезде дәмі де жақсарады.