Заң жобасын таныстырған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайыновтың атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде жүзеге асрылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар бюджеттен немесе ұлттық компаниялар есебінен қаржыландырылады. Бұл орайда аталған мақсаттарға жеке инвестиция тарту мәселесі қиындыққа ұшырап отыр. Осы ретте қаржыландыру мәселесі бойынша заңнамаға өзгерту енгізу ірі жобаларды жүзеге асыруға жеке капитал үшін қосымша шарттар құруды қарастырады.
«Бұл заң жобасы халықаралық консультанттармен ынтымақтаса отырып әзірленді және әлемдік тәжірибені ескеріп, Қазақстанда жобалық қаржыландыру тетіктерін енгізуді қарастырады», - деді М.Құсайынов.