— 2026 жылы Парламент қызметін қамтамасыз етуге шамамен 7,8 млрд теңге бөлінеді. Аталған қаражат тек депутаттарды, сондай-ақ Сенаттағы, Парламенттегі саяси мемлекеттік қызметшілерді және Парламенттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін қамтамасыз етуге арналған. Мұның бәрі еңбекақы төлеу қорына жұмсалады, — деді Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін 2026 жылы Президент бастамаларына 285 млрд теңге бөлінетіні туралы хабарлаған едік.
Бүгін Мәжілісте «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеті арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферт көлемі туралы заң жобасы таныстырылды.