Бүгін отандық телеарналар арқылы депутаттардың Мәжіліс пен мәслихат сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасына орай Қазақстан халқына үндеу арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Қазір біздің қоғамымыз баяғы 1991 жылғы мүлдем бейтаныс ахуалға тап болған кездегідей абдыраған адамдар тобы емес. 24 жылдан астам уақыттан бері қарай жұмысымызды істеп, тәуелсіздікті нығайтып келе жатырмыз. Ширек ғасырға жуық абыройлы жолмен жүріп келе жатқан елміз. Біз жасампаз еңбекке шыңдалып, табысты қалыптасып, әлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық. Мен депутаттардың бастамасы Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыда қамқорлық танытудың көрінісі деп санаймын. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттарының сайлауы бар және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы бар. Осы екеуін қосып өткізу деген - ол уақытты да, қаржыны да үнемдеу деген сөз. Меніңше дұрыс ойластырылып отырған мәселе», - деді Н.Назарбаев.
20:04, 20 Қаңтар 2016
Депутаттардың бастамасы ел тағдырына отаншылдық тұрғыда қамқорлық танытудың көрінісі - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутаттардың бастамасы Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыда қамқорлық танытудың көрінісі деп санаймын.