«Үкіметтің есебі Парламент Мәжілісі мен Сенатында егжей-тегжейлі талқыланды. Оны қарау кезінде экономиканың барлық бағыттары бойынша жүздеген сұрақтар мен ұсыныстар берілді. Олар жұмыс топтары мен комитеттерде де талқыланды. Депутаттардың ұсынымдары Үкімет жұмысында ескерілетін болады.
2021 жылы Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайызды құрады. Экономиканың барлық негізгі салаларында оң нәтиже болды. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,8 пайызға, құрылыс саласы 7,6 пайызға, көлік 3,6 пайызға, сауда 9,2 паызға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5 пайызға ұлғайды», - деді Е. Жамаубаев.
Сонымен қатар ол былтыр инфляция 8,4 пайызды құрағанын еске салды. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталды.