Депутаттардың кезектен тыс сайлауының Қазақстан болашағы үшін маңызы зор - түркиялық байқаушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутаттардың кезектен тыс сайлауының Қазақстан болашағы үшін маңызы зор. Бұл пікірді бүгін Түркі тілдес мемлеккеттер парламенттік ассамблеясы миссиясының байқаушысы, Түркия Республикасы Ұлы халықтық жиналысының депутаты Халюк Ипек білдірді.

«Байқау барысында біз барлық кандидаттардың өздерінің үгіт жұмыстарын заңнаманы бұздастан жүргізіп жатқанына куә болдық», - деді ол.

Оның атап өтуінше, барлық сайлау учаскелерінде байқаушылардың жұмыс істеуіне толық жағдай жасалып, қажетті техникалармен жабдықталған.

«Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында президенттік сайлауды өткізіп, енді міне депутаттар сайлауына дайындалып жатыр. Жыл сайын байқаушылар санының артқаны байқалады. Біз 20 наурыздағы сайлаудың демократиялық ұстанымдарға сай өтетіндігіне сенімдіміз. Бұл сайлау Қазақстан болашағы үшін зор маңызға ие. Ал сайлау нәтижесіне орай біз өз мәлімдемемізді жасайтын боламыз», - деді Х.Ипек.