деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрменің ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Палата депутаттары қатысты. Айта кету керек, көрмеде төтенше жағдай кезіндегі құтқарушылардың қызметі фотосуреттер мен мәліметтер көрініс тапқан. Құтқарушылардың әр түрлі құрал-жабдықтары мен өртке қарсы және суға түскенде киетін киімдері таныстырылды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко көрмеде орнатылған көріністерге орай түсінік берді.