Депутаттарға жұмыс орнына қалта телефонымен кіруге тыйым салынды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Әзірбайжан парламентінің ғимаратына ұялы телефонмен кіруге тыйым салынды, деп жазады РосБалт.

Бұл тек депутаттарға ғана қатысты емес, сонымен бірге барлық келушілерге де қатысты, деп мәлімдеді парламент басшысының баспасөз қызметінен. Парламент басшысы Акиф Тевеккюльоглының айтуынша, бұндай іске қауіпсіздік шараларын сақтау үшін барып отыр. Сонымен қатар ол бұндай тәжірибе шетелде де пайдаланылып жатқандығын айтып өтті.