Депутаттық корпус Елбасы басымдық берген бес міндетті жүзеге асыруға күш-жігерін аямайды - Қ.Жақыпов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутаттық корпус ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезектi XVI съезi барысында мемлекет пен қоғам алдына қойған 5 басым мiндеттi iске асыруға бар күш-жігерін салады. Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов осылай мәлiмдедi.

Еске салайық, бүгiн «Нұр Отан» партиясының XVI съезi барысында Нұрсұлтан Назарбаев президенттiкке кандидат ретiнде ұсынылды.

«Партиялық форумда сөз сөйлеген елiмiздің өңiрлерiнен келген делегаттар Елбасының еліміздің мемлекеттiлiгін қалыптастырудағы рөлiн жоғары бағалады. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттық корпусы Мемлекет басшысының халық өмiрiн жақсарту мақсатындағы қоғам мен мемлекет алдына жүктеген бес басым мiндетін жүзеге асыруға бар күшi мен бiлiмiн салатынын мәлiмдеймiз», - дедi Қабиболла Жақыпов.