Депутаттық өкілеттігі тоқтатылған Андрей Лукин қайта сенатор болып сайланады
Астана қаласының сайлау комиссиясы ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, таңдаушылардың жалпы саны – 31. Дегенмен, оның 29-ы дауыс беруге қатысты.
«Таңдаушылардың дауыстары келесідей бөлінді: Зейнұлқабден Табиғат – 6, Сайранбек Әбілқайыр – 4, Андрей Лукин – 19», - делінген ОСК хабарламасында.
Осылайша, дауыс берудің алдын ала нәтижесіне сәйкес, кандидат Андрей Лукин ең көп дауыс жинады – 65,5%.
Күні кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылған болатын.
Ол 2022 жылғы 13 қазанда Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты бос тұрған орынға сайланып отыр. Еске салсақ, А. Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде өзі өтініш жасаған. Орталық сайлау комиссиясы бұл өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыным енгізді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана қаласынан Сенат депутаттығына үміткер болған 3 кандидат арасынан Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай көп дауыс жинады.
Фото: parlam.kz