«Александр Толстоуховтың денесі суицид белгілерімен оның пәтерінен сенбі күні кешке табылды», - деп хабарлайды Бурятия Республикасы бойынша Ресей тергеу комитетінің басшысының көмекшісі Елена Димова. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, кандидаттың денесінің жанынан оның өлер алдында жазған хаты табылған. Аталған іске қатысты РФ ҚК 110 бабы бойынша (өлімге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғалды.
18:32, 14 Қыркүйек 2014
Депутаттыққа үміткер өзіне-өзі қол жұмсаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Улан-Удэде депутаттар кеңесіне үміткер Александр Толстоухов дауыс беруге бір күні қалғанда өзіне-өзі қол жұмсап көз жұмды, деп хабарлайды Интерфакс.