Депутаттың 1 млн. рублін ұрлап кетті

None
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат Ресей Мемлекеттік думасының депутаты "Единой России"  партиясының мүшесі Борис Резниктің жазу үстелінде жатқан, конвертке салулы 1 млн. рублі қолды болды.

Резниктің айтуынша, ол ақшаны жұмыс кәртішкесінен алып, үйіне жиһаз алуға жаратпақ болған.

Ол «Единой России», фракциясына кіреді. Мемдуманың қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің, сондай-ақ депутаттардың кірісі бойынша  мәліметтерді қадағалайтын комитеттің мүшесі.