Депутаттың көлігі өртенді
19:57, 29 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Тверь облысында Заң шығарушы жиналысының депутаты Артем Гончаровтың «Volkswagen Passat» қызметтік көлігі өртенді.
Оқиға кеше кешке Тверь-Ржев күре жолында орын алған, бірақ ол туралы бүгін белгілі болды. Гончаров облыс орталығына жұмыс сапарынан оралып келе жатқанда, көлік дөңгелегі жарылған, деп жазады planet-today.ru.
«Жүргізушімен бірге дөңгелекті ауыстыру үшін жолдың жиегіне тоқтадық. Көліктен шықпай тұрып, артымызға қарасақ, жол бойымен автомобильге қарай жалын жақындап келгенін көрдік. Көліктен шыққанымыз сол еді, санаулы секундтарда жалынға оралып, 5-7 минуттан соң толық өртеніп кетті», - деді Гончаров.
Депутат аталған оқиға бойынша полицияға әлі шағымданған жоқ, деп нақтылады ІІМ-нің облыстық басқармасының баспасөз қызметінен.