«Қазіргі заңнамада дербес деректерді қорғайтын нормалар баршылық. Мәселе заңның жеткілікті деңгейде жақсы болмауында емес, ондағы талаптардың қаншалықты орындалып оытрғанында. Біз ҰҚК-дағы әріптестерімізге сұрау салғанбыз, олар талдау жасап бітірді. Бұл — осындай жалғыз оқиға емес. Әр кезде әртүрлі жүйеден дербес деректер қолды болған», — деді ол «Amanat» партиясы өткізген баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, соңғы оқиғада көптеген азаматтың жеке дерегі тарап кеткенімен, ешкімнен ресми шағым түспеген.
«Бізге толығырақ мәлімет берілуі керек. Содан кейін мемлекеттік бақылау бағытында жұмыс бастаймыз. Ақпараттық жүйе иелеріне шығып, дербес деректерді қалай қорғап отырғанын тексереміз. Дербестердің тарап кетуінен 100 пайыз сақтандырылған ел жоқ. Бүгін 100 пайыз сақтандырылды дегеннің өзінде ертең оны бұзатын бір амал табылуы мүмкін. Сондықтан ондай жайтқа әрдайым дайын болуымыз керек. Деректер тарап кетті ме, ол арнаны алаяқтардың қолына тимей тұрып жабу қажет. Сіз айтып отырған жайттан кейін неше шағым түсті деп ойлайсыз? Бір де бір шағым болған жоқ. Бұл азаматтардың дербес дерегінің тарап кетуінен қандай проблема туындайтынын білмейтінін көрсетеді», — деді Руслан Әбдіқалықов.
Еске салайық, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шетелдік Telegram-ботта қазақстандықтардың дербес деректері рұқсатсыз жарияланғанын растаған еді.