«Бокс фанаттарының кейбіреуі Геннадий Головкин украиндық Сергей Деревянченконың айтарлықтай қарсылығына тап болатынын айтып жатыр. Менің ойымша, олай емес. 2008 жылы өткен Олимпиада ойындары кезінде ол кубалық Эмилио Корреадан 18:4 есебімен ұтылған. Украиндық Бүкіләлемдік бокс супер сериясында өзін жаман көрсеткен жоқ, алайда Брайан Кастаноға бәрібір есе жіберіп алды. Деревянченко сұлатқан қарсыластардың көбі аса танымал емес еді», - деп жазады Доуэр.
Еске сала кетсек, Деревянченко қазіргі уақытта Головкинде тұрған IBF титулына міндетті үміткер болып табылады.