«Бокс – құбылмалы бизнес. Головкин енді белдігін қорғайды. Егер олар Альвареспен келісе алмаса, біздің жекпе-жегімізді өткізуге күш салуларына болады. Бұл да үлкен әрі «ақшалы» айқас болады деп ойлаймын. Тіпті, біріншісінен де қызықты болуы мүмкін», - деді Деревянченко.
Деревянченконың өзі келер жылы Альвареспен немесе WBC чемпионымен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, Деревянченко-Головкин жекпе-жегінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.