Деревянченконың бапкері оның Головкиннен артық тұстарын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченконың бапкері Андре Розье өз шәкіртінің Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жекке қалай дайындалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Головкин менДеревянченко 5 қазан күні Нью-Йоркте IBF-тің орта салмақ санатында бос тұрғанәлем чемпионы титулы үшін айқасөткізуі мүмкін. Кездесу өтетіндей болса, Розьенің Головкинмен үшінші ретжолы қиылысады. Бұған дейін ол Кёртис Стивенс пен Дэниэл Джейкобсты Головкингеқарсы жекпе-жектерге дайындаған.

«Бұл Сергейдің өміріндегі ең үлкен айқасболады. Сондықтан біздің команда бүкіл назарын соның жаттығу лагерінеаударады», - деді Розье.

Ол Головкин екі айқаста да Сауль Альварестіжеңді деп санайтынын жеткізді.

«Меніңше, GGG – жеңілмеген боксшы. Әлемдегікөпшілік адамдар сияқты мен де «Канеломен» өткізген екі айқасында да Головкинжеңді деп санаймын. Ол жойқын боксшы, бірақ Сергей де мықты. Оның жеңетінінесенемін. Сергей Головкин пайдаланатындай көп қателік жібермейді. Оның үстіне олтың боксшы. Осының бәрі Сергейдің IBF тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионыболуына жол ашады деп ойлаймын. Бапкер ретінде бұған дейін екі рет Головкиндіжеңуге әрекет етіп көрдім. Үшіншіде бұған қол жеткіземін деп сенемін», - дейдіРозье Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.