Державинка қаласында 20 жасар жігіт Есіл өзеніне батып кетті
14:00, 30 Маусым 2012
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Державинка қаласында, 29 маусым күні сағат 19.50-де Есіл өзеніне суға түсу кезінде 20 жасар жігіт батып кетті.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, сағат 20.20-да жергілікті тұрғындармен оның мәйіті судан шығарылды.