Деспотович «Тобылдың» ең қымбат ойыншысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тобылға» жалға берілген «Астана» ФК шабуылдаушысы Джордже Деспотович қостанайлық команданың құрамындағы ең қымбат футболшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz .

Беделді transfermarkt.de порталының дерегіне сүйенсек, 24 жастағы сербиялық спортшының нарықтық трансферлік құны 1 миллион еуроны құрайды. Деспотович бағалық көрсеткіші жағынан жартылай шабуылдаушы Томаш Шимковичты (800 мың еуро), қорғаушы Сергей Малыйды (700 мың) және жартылай қорғаушы Артурас Жулпаны (700 мың) басып озған.