"Негізгі мәселе мынада, радикалды ағымдарға қарсы насиxат жұмыстары баяу жүргізіледі. Бүгінде осы шаралармен мектеп оқушылары мен студенттер қамтылған. Алайда жұмыссыз жүрген жастар, маргиналды топтар және тағы басқаларды радикалды ағымдарға қарсы насиxатпен қамту көрсеткіші 10 пайыздан аспай отыр. Осыған байланысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Алдымен радикалды идеялар мен көзқарастарға берілгендер арасында ол жұмысты кеңінен жүргізген жөн. Сөйтіп, экстремистік идеологияның әлеуметтік негізін бұзу қажет. Әсіресе, салафизмнің жақтастары арасында түсіндіру шараларын күшейткен дұрыс. Себебі дәл осы идеология жаңа радикалды топтардың негізі болып саналады", - деді Білісбеков Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетейік, отырыс барысында Нұрғали Білісбеков комитет басшысының орынбасары Санкт-Петербург қаласындағы терактіге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген ақпаратқа да түсініктеме берді. Осы оқиғаға байланысты Қазақстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді . Жалпы, өткен жылы еліміздің арнайы орган қызметкерлері 12 лаңкестік акцияның жолын кесті . Сондай-ақ Ресей жерінде үш терактінің алдын алуға көмектесті .