Деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы ашылады

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - 1 тамыз күні Астана қаласында «Үлес 2020» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігімен бірлесе отырып, Деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі үйлестіру-консультативтік орталығының тұсаукесерін өткізеді.

«Аталмыш орталықта «Қауырт желі» қызметі қарастырылған, ол Колл-центр принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша үйлестіру-консультативтік орталығы «Үлес 2020» қоғамдық қорымен Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің тапсырысымен әлеуметтік-маңызды жобаны жүзеге асыру аясында құрылған» делінген баспасөз баянында.

Шараға Дін істері агенттігінің, «Үлес 2020» қоғамдық қоры, сондай-ақ Орталықпен ынтымақтастық туралы келісім жасаған Деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтары қауымдастығы өкілдері қатысады.