Детройт АҚШ-тың ең кедей қаласы атанды

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Forbes журналы Детройтты Америка Құрама Штаттарының ең кедей қаласы деп атады. Кедей қалалардың толық тізімі журналдың сайтында жарияланған.

Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.

Детройтта жұмыссыздық пен қылмыс деңгейі жоғары болып қалуда. Бұрын да аса жоғары болмаған жылжымайтын мүлік бағасы соңғы екі жылда мұнда 35%-ға арзандаған.

Алғашқы бестікке сондай-ақ Флинт (Мичиган штаты), Рокфорд пен Чикаго (Иллинойс штаты), Модесто (Калифорния штаты) енді.