Дэвид Бекхэм 14 жасар ұлымен бірге жол апатына түсті

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Англия футбол құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм 14 жастағы баласы Бруклинмен бірге Лос-Анджелестегі үйіне жақын жерде жол апатына түсті деп хабарлайды, британдық БАҚ көздеріне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС.

Үйінен шығып бара жатқан спортшы қарсы жолда келе жатқан көлікке соқтығысады. Көліктің ролінде әйел адам отырған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, тек көліктері ғана зақымданған.