Дэвид Бекхэм футболға қайта оралмақшы
02:30, 06 Маусым 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм сұхбаттарының бірінде футболға қайтып келуі мүмкін екендігін айтып қалды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Бекхэм спорттан 2013 жылы Пари Сен-Жерменмен Франция чемпионатында жеңгеннен кейін кеткен болатын. 39 жасар спортшы демалып, енді футболға қайта келуге ниетті екенін айтты.
Қазіргі уақытта Дэвид Майамиде жоғары лигадағы өз футбол командасын құрмақшы.