Дэвид Бекхэмның жаңа жоспары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал британдық футболшы Дэвид Бекхэм мейрамханалар желісін ашуды жоспарлауда.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Дэвид жаңа жобасына ат та тауып қойыпты: Beckham's Bistro.

«Қазір жаңа бизнес ашуға ең қолайлы шақ болып тұр. Сірә, бұл бұл жеңіл тамақтанатын дәмханалар желісі болатын шығар», - дейді бұрынғы кәсіпқой спортшы.

Басылымының хабарлауынша, Дэвид бұған дейін де досымен бірігіп мейрамхана ашпақшы болған екен, алайда ас мәзірі мен бизнесті жүргізуге келгенде екеуінің талғамы бір жерден шықпай қалған көрінеді.