Дэвид Боуи коллекциясы Sotheby's сауда-саттығында 40 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылы қайтыс болған талантты британдық музыкант Дэвид Боуиге тиесілі өнер туындыларының коллекциясынан 200 лоттан астамы жұмада Лондондағы Sotheby's аукционындағы сауда-саттықта қолдан қолға өтіп, жылдам сатылып кетті.

Осылайша сауда-саттықтың екі күнінің қорытындысы бойынша жиналған қаражаттың жалпы сомасы 32,9 фунт стерлингті ($41,1 млн) құрады, деп мәлім етті  сенбіде аукцион үйінен.

Сауда-саттықтың екінші күні 10 сағатқа созылды. Соңында атақты музыкант иелік еткен өнер туындыларының  350-ден астамы сатылды. Интернетте осы сауда-саттыққа 26,5 адам қызығушылық танытса, сату алдында дәстүрлі өткізілетін лоттар көрмесіне 50 мыңнан астам өнерді бағалаушылар келген.

Фото: Wolfram Kastl / DPA / Globallookpress.com