Саясаткер бұл сарайды өз үйінің ауласына қойды. Қолдан жасалған конструкцияның ішіне ағаш пеш және диван қойылған.Сондай-ақ қабырғаға қой жүнінен жасалған жылытқыш пайдаланылған. Кэмеронның айтуынша, сарайды дизайнерлік безендірумен жұбайы Саманта айналысқан, деп хабарлайды BBC News.
Кемерондар отбасында бұл құрылысты пайдалануға байланысты талас-тартыс аз болмағанға ұқсайды. Бұрынғы премьер сарайда өмірбаян жазуды көздесе, саясаткердің балалары құрылысты ойын үйшігіне айналдыру қажет деп есептейді.