«Жалпы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынас жақсы дамып келеді. Біз маңызды серіктес болып отырмыз. Еуропалық Одақ Қазақстан үшін ірі сауда серіктес және тікелей шетелдік инвестициялардың ірі көзі болып отыр, Сондай-ақ, біз осы серіктестік аясында екі арадағы экономикалық әріптестікті дамытамыз», - деді ол.
Еуропалық Одақ өкілі екі арадағы виза режимін жеңілдету мәселесі бойынша келіссөз басталғанын атап өтті.
«Біздің виза режимін жеңілдету бойынша келіссөзді бастағанымыз қуантады. Бұл әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға өз септігін тигізеді», - деді Дэвид О'Салливан.