АСТАНА. ҚазАқпарат – Ла Серена қаласында Дэвис кубогі аясында өтетін Чили – Қазақстан іріктеу матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 4 ақпан, алғашқы күні бірінші болып кортқа Тимофей Скатов пен Кристиан Гарри шығады.
Бәсеке Астана уақытымен сағат 21.00-де басталады. Содан кейін Александр Бублик пен Николас Харриге кезек келеді.
Келесі, 5 ақпан күні сағат 22.00-ден бастап үш кездесу жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Алехандро Табило – Томас Бариошпен шеберлік байқасады. Сосын Бублик Гаринмен, Скатов Харримен ойнайды.
Жеңімпаз команда Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогі іріктеу матчына дайындықты бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Тимофей Скатовтың Қазақстан құрамасы сапында өзін көрсететін уақыт келгені туралы айтты.
Суреттер – Қазақстан теннис федерациясы
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).