Дэвис кубогі: Теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дэвис кубогының жеребесі тартылды. Бұл жайында «Аламан» спорт агенттігі хабарлап отыр.

Өздеріңіз білетіндей, плей-офф кезеңінде Қазақстан теннисшілері Өзбекстан құрамасымен кездеседі. Бүгін екі жақтың қарсыластары белгілі болды.

Сонымен бірінші күні Истомин-Королев, Дустов-Кукушкин ойнайды. Екінші күні жұптық жарыста Щукин/Голубев-Истомин/Дустов жұбы ойнайды. Ал үшінші күні Истомин-Кукушкин, Дустов-Королев бір-бірімен мықтыны анықтайды.