Аталмыш бәсекеде Тимофей Скатов пен Кристиан Гарри бірінші болып кортқа шықты.
Бұл Т.Скатовтың Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойыны болатын.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Чилилік спортшы қайыра брейк жасағанымен, Тимофейді тоқтата алмады. Есеп – 6:1, Скатовтың пайдасында.
Екінші сетті де қазақстандық спортшы тамаша бастады – 4:0. Бұдан кейін К.Гарри есепті қысқартқанымен, Т.Скатов қайтадан 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.
Бір сағат 38 минутқа созылған ойында Т.Скатов 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.
Осылайша, Қазақстан алға шықты – 1:0.
Енді Александр Бублик пен Николас Харри шеберлік таластырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогі іріктеу матчына дайындықты бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Тимофей Скатовтың Қазақстан құрамасы сапында өзін көрсететін уақыт келгені туралы айтты.
Қазақстан – Чили матчының жеребесі тартылды.
Суреттер – Қазақстан теннис федерациясы