деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астанада теннистен Қазақстан және Корея құрамаларының арасында Дэвис кубогы жолындағы Азия және Океания аймағы бойынша бірінші топтағы бірінші матчтары басталды.
Жарыста біздің құрама сапындағы Андрей Голубевке кореялық теннисші Yong Kyu Lim қарсыласты. Қонақтардың теннисшісі жерлесімізге ешқандай қарсылық көрсете алмады. 6:1,6:1,6:4 есебімен басымдық байқатқан Андрей Голубев Қазақстан қоржынына бірінші ұпайды салды. Егер алдағы болатын жұптасып өнер көрсетуде біздің теннисшілер жеңіске жетіп жатса, Қазақстан Азия Тынық мұхиты аймағындағы бірінші топтағы бәсі жоғары елдердің қатарында болады.