Дэвис кубогының іріктеу турнирі: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен ойнайды

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Шымкент қаласында Belline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде ширек финалға шыққан құрамалар анықталды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жартылай финалға шығу үшін Жапония командасымен таласады.

Кеше Сергей Квактың шәкірттері Иранды 2:1 есебімен тізе бүктірген еді. Бүгін дәл сондай есеппен Қытайға есе жіберді.

Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер өз тобынан ширек финалға екінші орынмен шықты.
Жеребе қорытындысы бойынша ертең сондай-ақ Аустралия – Қытай, Қытайлық Тайбэй – Өзбекстан, Корея – Гонконг құрамалары өзара кездеседі.

Үздік төрт команда жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Иранды 2:1 есебімен ұтқанын жазған болатынбыз.