Теннистен Дэвис кубогінің 2024 жылғы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Юрий Щукиннің шәкірттері сырт алаңда Аргентина құрамасымен кездеседі.
Матч 2024 жылы 2-3 немесе 3-4 ақпанда өтеді.
Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған. 2011 жылы ¼ финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберді. Ал 2017 жылы Астанада плей-офқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен ұтты.
Әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстанның Жапониямен ойнайтынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).