АСТАНА. KAZINFORM - Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар өз алаңында Дания командасымен ойнайды.
Қос құрама бұған дейін кездеспеген.
Матч 13-14 немесе 14-15 қыркүйек күндері өтеді. Қазақстан командасы ұтқан жағдайда 2025 жылы ақпанда командалық іріктеу матчында сынға түседі.
Биыл Юрий Щукиннің шәкірттері 3-4 ақпанда тартысты матчта Аргентинаға есе жіберген еді - 2:3.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).