ДЭВИС КУБОГЫ: А. Голубев әлемнің үшінші ракеткасынан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистен Дэвис Кубогының Швейцария мен Қазақстан арасындағы ширек финалдық кездесудің алғашқы матчында жерлесіміз Андрей Голубев әлемнің үшінші ракеткасы Станислас Вавринкадан басым түсті.

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Алғашқы екі партия қазақстандықтың жеңісімен аяқталды, алайда үшінші сетте азулы қарсылас басымдық танытты. Тартысты өткен төртінші партия тай-брейкке дейін жетті. Бұл жолы А.Голубевтің мерейі үстем болды. Қорытынды есеп - 1:3 (6(5):7, 2:6, 6:3, 5:7). Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты.

Келесі кездесуде Роджер Федерер мен Михаил Кукушкин ракетка түйістіреді.