Дэвис Кубогы бойынша Қазақстанның қарсыласы анықталды

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Дэвис Кубогының әлемдік тобының алғашқы раундында Бельгиямен ойнайды, деп хабарлады Vesti.kz. Турнирдің жеребе салуы бүгін Лондонда болып өтті.

Қазақстандық команда үшін алдағы кездесу Астана қаласында қаңтардың аяғында өтеді. Турнир кестесінде құрама сегізінші орында екендігін атап өтейік.

Былтырғы жылы Қазақстан турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, онда трофейдің қазіргі иегері Чехияға есе жібергендігін естеріңізге саламыз.